Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

2231
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_4027-960x500.jpeg?token=7ad52a0d843bb348dc4efe1afe444984

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев елші болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 20 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

лауазымына тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Тәжібаев Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Еске салайық, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен 16 мамырда босатылған еді.

Comments
Other materials