Қазақстанға «Жабайы жылқылардың оралуы» реинтродукциялау жобасы аясында соңғы 200 жылда алғаш рет сегіз жабайы Пржевальский жылқылары әкелінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Пржевальский жылқылары Қостанай облысындағы «Алтын дала» қорығына жеткізілді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті түсіндірді.
Дүние жүзіндегі жалғыз жабайы түр - Пржевальский жылқысы Чехиядағы Прага хайуанаттар бағынан шыққан. Жалпы, жоба алдағы бес жылда Қазақстан даласына 40 жабайы жылқыны қайтаруды жоспарлап отыр.
Бастамаға сәйкес, жабайы жылқылар өсімдіктердің тозаңдануына ықпал етіп, топырақты көңмен тыңайту арқылы табиғаттың биологиялық әртүрлілігін арттыруға ықпал етеді.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov