Маңғыстауда мектеп бітірген түлектер ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Тұщықұдық ауылының 1977 жылы туған азаматтары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай ауылдың кіреберісіне қақпа орнатып берді. Ол қақпаның биікті 8 метр, ұзындығы 13 метр. Қақпаның ерекшелігі - қасбеті ұлттық нақышта ою-өрнекпен.
Басылымның мәліметінше, ауыл тұрғындары кіреберістегі қақпаға дән риза болған.
"Тұщықұдықта кіреберіс қақпаның ашылуы болып, ауыл аспаны әнге бөленді. Ауыл үшін аянбай, игі істің басынан табылған түлектерге ауылдастары алғыс айтып тарасты", - деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Related news
"When people struggle with water". Ex.com. of Atyrau region made a statement regarding the employee who inspected the vehicle
A state that lived for two months and four days. Today is the day of establishment of Turkestan Mukhtariat