Астанада Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жауап берді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Елордалық НЗМ-де 12-сынып оқушысы ауыр жарақаттанған. Ол бірнеше рет пышақ жарақатын алған және дереу медициналық көмекке жүгінген.
Related news
The Minister said when he would send the proposal to Bektenov in connection with the Ministry of Internal Affairs and Communications