Назарбаевтар мен Құлыбаевтардың табысы тексерілмейтіні айтылды

2826
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_3583-960x500.png?token=9aa52e4290d48d2c0bffbd849dc51bf7
Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысының орынбасары Жеңіс Елемесов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары мен күйеу баласына қатысты ешқандай тергеу жүргізілмейтінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы ол Press.kz журналистеріне берген жауабында айтты. Жуырда белгілі болғандай, Joint Resources қаржылық есебіне сәйкес, Тимур Құлыбаевтың компаниясы 39 миллиард теңгеден астам таза пайда алған. Бұл компания энергетика, тау-кен және мұнай салаларындағы активтерді басқарады. Бұған дейін ҚМА Бишімбаевтың отбасы мүшелерінің кірісін тексермегенін хабарланған болатын.  
Comments