Тікұшақ апатынан кейін Иран президенті Раисидің өміріне қауіп төніп тұрғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.
Халық әлі де ел президентінің жағдайына үмітті. Алайда, жергілікті үкіметтің айтуынша қону алаңынан алынған хабарлар «алаңдаушылық» тудыруда.
Иранның Мехр агенттігі тікұшақ апатынан Раисидің аман қалғаны туралы ақпаратты өз сайтынан алып тастады. Оған қоса, олар тікұшақтың тұманға байланысты қонғанын хабарлады. Төтенше жағдай орын алған жерге құтқару топтары шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақтың қатты қонған жеріне құтқару топтарының бірі жетіп үлгерген.
Өзге ақпараттар әлі жария болмады.
Related news
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued
