Әкім бұрынғы әйелінің айыптауларына қатысты пікір білдірді

1803
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/a05d116f-4e3f-42fe-80e7-c8cfda43350a-960x500.jpeg?token=08366bb57d31b9b9f3b9520bc9ec9736
Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айыптауларына жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Шенеуніктің айтуынша, әйелі оған жала жабуда. "Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеіме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз - екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты - қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын", - дейді аудан әкімі. Еске салсақ, Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева күйеуі 11 жыл бойы ұрып-соққан, балаларын тартып алғанын айтып бейнемәлімдеме жасаған болатын.  Атырау облысының әкімдігі мәліметінше, аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.  
Comments