Бүгін, 16 мамырда Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полиция хабарлағандай, оқиға сағат 11.30 шамасында болған.
“Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді”, - деп хабарлады полициядан.
Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister
