Атырау облысында Жайық өзені деңгейінің көтерілгені байқалды

1457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_2341.jpeg
Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық төтенше жағдайларды жою штабының мәліметіне сілтеп.  «Атырау қаласы + 5 см, су деңгейі - 476 см, критикалық деңгей - 550 см», - делінген жұма күні хабарламада. 2024 жылғы 3 мамырдағы сағат 20.00-дегі су деңгейінің өзгеруі (сағат 8.00-мен салыстырғанда): ⁃ Индербор ауылы + 20 см, су деңгейі - 808 см, критикалық деңгейі - 845 см; ⁃ Махамбет ауылы + 8 см, су деңгейі - 820 см, критикалық деңгейі - 850 см. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Махамбет ауданында су деңгейі 30 см-ге дейін сақталып қалғаны белгілі болды.
Comments