Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары желісі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, 29 сәуір күні сағат 17: 06-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде - Қытай аумағында жер сілкінісі болды.
Сейсмологтар бұл құбылысты афтершок деп атады.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.
- MPV магнитудасы - 4,5.
- Тереңдігі - 5 шақырым.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеді.
Related news
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan