Танымал рэпер Jah Khalib тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан сөзі үшін Кишеневте өтетін кештен шеттетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы Summer Fest ұйымдастырушылары 27 сәуір күні мәлімдеді.
"Кейінгі оқиғалар мен жаңалықтарға байланысты Jah Khalib Summer Fest фестивалінде өнер көрсетпейтін болды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты біз бұл шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру үлкен күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді. Ешқандай шешім импульсивті түрде өзгермейді", - делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.Бұған дейін, "Зорлық-зомбылықсыз өмір" ұлттық коалициясы мен актер Лунгу Кэтэлин қазақстандық рэперді Кишеневтегі кешке қатыстырмауды сұраған. Ал Jah Khalib-ке зорлық-зомбылықты ақтады деп айып тағылып отыр.
Related news
How was the road repaired for 700 millions tenge? How was the contribution of the future generation spent?