Алматыда мопед жүргізушісімен соқтығысқан полицей жазаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Жол-көлік оқиғасы Алматының Жетісу ауданында болды. Chevrolet патрульдік көлігінің жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өндірістік материалдар сотқа жіберіледі», - деп жауап берді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер шұғыл шақыруға бара жатып, шұғыл шақырту шамдарын және дабыл жүйесін қосып, кері бұрылды.
Бейнебақылау камерасынан бір көліктің тоқтап, полиция көлігін өткізіп жібергенін, бірақ автобус жолағында келе жатқан мопед жүргізушісі патрульдік көлікпен соқтығысқанын көруге болады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мопед жүргізушісі автобус жолағымен жүріп заң бұзғанын атап өтті. Ақпаратқа сәйкес, мопед жүргізушісі медициналық көмек көрсетуден бас тартқан.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister