Енді бетон жолға асфальт төселіп жатыр

1936
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/zhol-zhөndeu.jpg

Жолға арнайы полимерленген асфальт төселе бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Колесаға сілтеп.

Самара — Шымкент тас жолының 2178-2186 шақырымында Төрткөл мен Спатаев арасындағы бетон жолда қыста шұңқырлар пайда болғаны айтылды.
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті жолдардың жағдайын айтты. Комитеттің сөзінше, жолдар микросюрфейсинг технологиясымен, яғни түйірлері 0-8 мм болатын шағал мен құмды, битум эмульсияны, эмульгатор және цемент ерітіндісін қолдану арқылы жөнделіп жатыр.
«Ұсақ түйіршікті асфальтобетонды төсеу жұмыстары тек терең жарықтар мен шұңқырлар бар жерде ғана жүргізілді. Осы ақауларды жойғаннан кейін, ҚазжолҒЗИ ұсынысымен микросюрфейсинг технологиясы бойынша қалыңдығы 2.5 см болатын тозуға қарсы қорғаныш қабаты төселеді», — деп түсіндірді комитеттен.
Жолшылар бетонды жолдарда полимерлі жабын қолданылмайтынын айтады. Себебі мұндай технология еш нәтижесін бермейді деген уәж айтылған.
Comments