Су тасқынынан зардап шеккендерге қолма қол ақша берілмейді - министр Шарлапаев

2705
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-31-at-14.56.44-960x500.jpeg?token=8dedd7f8f07332d60f1074e13c0d7238
Өнеркәсіп және құрылыс министрі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған өтемақы қолма қол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 22 млн теңге  берілетінін айтты.
"Мемлекет ешқандай қаражатты ешкімге қолға бермейді. Әр адам әртүрлі. Қоғамда жауапкершілігі бар немесе жауапкершілігі жоқ адамдар бар. Қазіргі таңда үйді қайта салу үшін қолға қаражат берсек, ол адам жеке мақсатына жұмсаса, қыста ол адаммен не істейміз? Сондықтан мемлекеттің шешімі осындай", - деді Шарлапаев үкіметтің баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үй алуды өздері шешеді.
"Үйді қайтып тұрғызады, болмаса әкімдік арқылы екінші нарықтан пәтерлер алады. Бірақ жөндеу жұмыстарын әкімдік пен құрылыс компаниялары жасайды. Әкімдік шешімі бойынша тек бірнеше өңірде қолдарына қаражат береміз. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана", - деді ведомство басшысы.
Comments