Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

1928
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2165.jpeg
Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Финалда ол әлемнің 27-ші ракеткасы украиналық Марта Костюкті екі сетте 6:2 6:2 есебімен сенімді түрде басып озды. Атаулы жеңіспен Рыбакинаны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. «Елена Рыбакинаны Штутгарттағы теннис турниріндегі сенімді жеңісімен құттықтаймыз. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда үш титулға қол жеткізді. Бұл үлкен жетістік. Еленаға жаңа спорттық жетістіктер тілеймін», - деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Comments