Қазақстанды жайлаған су тасқыны Ұлыбритания билігін де елең еткізді. Ұлыбритания елдегі тасқын сумен күреске көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы британдық СІМ басшысының орынбасары Нұсрат Ғани Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақстанда болып жатқан су тасқыны елдің солтүстігі мен батыс өңірлеріне орасан залал келтірді. Соның кесірінен зардап шегіп, әсіресе эвакуациялануға мәжбүр болғандарыңыз өкінішті. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күрестің алдыңғы қатарында тұр. Ұлыбритания оларға қол ұшын созуға дайын», - деп жазды британдық шенеунік.


Related news
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations
