«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя

4683
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-16-at-18.48.40.jpeg
«Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған. Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.   Бояу материалын алу үшін төмендегі мекен-жай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады
Аудан Сақталу орны/беру Жауапты
1. Алатау Веселов көш, 18 «А» Талғат +7 (708) 502 03 68
2. Алмалы Төле би көш, 67 Нұрдаулет +7 (775) 888 77 55
3. Әуезов Мамыр - 1 ықш, 26/1 Бауыржан +7 (707) 008 09 13
4. Бостандық Тәжібаев көш, 155 «А» Лидия +7 (777) 684 99 44
5. Жетысу Тихов көш, 87 «А» Нұрберген +7 (747) 772 74 78
6. Медеу Пушкин көш, 72 Абылай +7 (778) 111 55 44
7. Наурызбай Байсұлтанов көш., 1/2 Оңалбек +7 (707) 300 03 55
8. Түрксіб Шолохов көш, 9 Болат +7 (747) 139 93 60
Comments