Екібастұзда ер адам екі вагонның арасында қысылып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қайғылы оқиға бейнеге түсіп қалған.
Алайда жігітті аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол вагондар арасында жүргенде автоматты қосқыштар қозғалып, дене қысылып қалған. Артынша ол құлап, дірілдей бастады, тұруға тырысқанымен, қайтадан құлады.
"Екібастұз қалалық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Related news
The situation is getting worse". The XXI meeting of the Congress of Leaders of World and Traditional Religions has started in Astana
A trial has begun in Almaty against those who killed mentally ill people and appropriated their property