Ақтөбелік құтқарушы жігіт әйелін перзентханадан күтіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қуанышты сәттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Кадрларда құтқарушы азамат әйелі мен сәбиін перзентханадан қайықпен шығарып алған.
"Асқар Құсайынов Ойыл ауданының өрт сөндіру қызметінде еңбек етеді. Су тасқынымен күрес кезінде азаматтың әйелі босанған. Ер азамат перзентханадан жаңа шыққан қызы мен әйелін қолына гүл алып, қайықпен қарсы алды", - делінген видеода.Өкінішке орай су тасқынының салдарынан аймақта әлі тікелей байланыс жоқ.
Related news
The minister does not see anything wrong with teachers participating in school yard clean-up activities