Ақмолада көлік жүргізушісі бақылау-өткізу бекетін бұзып, су басқан аумаққа өтуге ұмтылған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.
Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Ақмола облысындағы бақылау-өткізу бекетін бұзып, жолдың жабық бөлігіне шығып кетпек болған. Оның артынша тағы да бір көлік жүргізушісі өтуге тырысқан.
Оқиға Ақмола облысындағы Октябрьское ауылының маңында болды. Онда бақылау-өткізу бекеті
орнатылған. Мұнда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Екі джип мінген ер адамдар бұл бақылау-өткізу пунктінен өтпек болған. Олардың бірі көлік алдындағы екі полиция қызметкеріне қарамастан жүруді тоқтатпаған.
Құқық бұзған ер адамға қатысты сот шешім шығарды. Ол тәртіпке бағынбағаны үшін бес тәулікке қамауға алындыӨ
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз