8 сәуір күні әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимов «Toyota»центр автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүргеніне қатысты бейнежазбасы таралды. Атырау қаласының әкімдігінің баспасөз хатшысы қызметкер туралы мәлімдеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «Toyota» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген.
Өз кезегінде айта кету қажет, А.
Сондай-ақ, әкімдік аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасағанын айтты.
“Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз», - деп пікір білдірді әкімдіктегілер.