Түркияның Сыртқы істер министрлігі еліміздің бірқатар аймақтарында орын алған ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдіретінін айтты, дер хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған және елдің ондаған мың азаматын эвакуациялауға мәжбүр еткен жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғырдық», - делінген Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Ведомство Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтты.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Анкараның табиғи апаттың салдарын жоюға барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін баса айтты.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations
