Министрлер кабинеті Назарбаевқа қатысы бар екі ГЭС-ті иеліктен шығаруға рұқсат берді

1849
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/izobrazhenie_2024-04-03_143759174.png
Үкімет Қазақстандағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты екі гидроэлектр станциясын (ГЭС) иеліктен шығаруға рұқсат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына» «Самұрық-Энерго» АҚ пайдасына «Өскемен ГЭС-і» ЖШС-нің 100% және «Шүлбі ГЭС-і» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін иеліктен шығару бойынша мәмілені аяқтауға рұқсат етілсін», - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін министрлер кабинеті Назарбаевқа қатысы бар екі ГЭС-тің мемлекеттік үлестерін сату жөніндегі тендерлерді тоқтатып, кейін  бұл нысандар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" қарамағына өткен болатын.
Comments