Ресейдің 22 аймағын су басты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Ресейдің ТЖМ мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, су тасқыны салдарынан 128 тұрғын үй мен 1,9 мыңнан астам шаруашылық телімі су астында қалған. Ең қиын жағдай Алтай аймағында 923 учаске мен 127 үйді су басқан.
Одан бөлек, 10-ға жуық тасжол жабылды.
Су басқан Алтай өлкесінен бөлек, көрші елдің тағы 20-дан аса өңірінде көктемгі тасқынға қатысты жағдай қиын. Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды.
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
