21 наурыз күні Алматыдағы Саин көшесінде ірі жол апаты болды. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің айтуынша, Mercedes көлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған.
«Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деді ПД баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.
<
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared