Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тағы да көлік кептелісі орын алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі kaktus.media-ға сілтеп.
«Ақ-Тілек» бақылау-өткізу бекетінің маңындағы айналма жолда кезек пайда болған.
Жағдай ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындап кетті.
Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі жүк көліктерінің жиналуы жүк тасымалының артуына байланысты деп есептейді.
Сондай-ақ, екі елдің шекара қызметтері жүк көліктерінің өтуіне ешқандай шектеулер жоқ екені атап өтті.
Related news
An expert discussion will be held on the topic "New opportunities of atomic energy for the Republic of Kazakhstan".