Прокурор: Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған

2872
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/db104108-5c23-4787-94ed-6d7e69efe7ae-960x500.jpeg?token=465eec85ddcdad6156c7dba7d266fba4
Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында прокурор осылай мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Прокурордың айтуынша, Бишімбаев Нүкенованың барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған. Қаржы жағынан өзіне толықтай тәуелді еткен. Одан бөлек, жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен. 2023 жылдың наурыз айында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған. Кейін Нүкенова ағасына шағымданған. Ол қарындасына Бишімбаевпен араласпауға кеңес берген. Айта кетейік, бүгін Бишімбаевтың ісіне қатысты алдын ала сот тыңдалымы басталғанын хабарладық.
Comments