«Оскар – 2024» сыйлығының иегерлері кімдер?

2072
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/eb2dce21-b460-4cfd-8954-3e5e21d63949.jpeg

Лос-Анджелесте  96-шы америкалық кино өнері академиясы «Оскар-2024» сыйлығы иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы.

Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды. Негізгі номинациялар бойынша лауреаттар тізімі: Үздік фильм – «Оппенгеймер»; «Үздік актриса» - Эмма Стоун; «Үздік актер» - Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»); «Үздік ән» - What Was I Made For? («Барби»); «Үздік музыка» – «Оппенгеймер»; «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – кіші Роберт Дауни («Оппенгеймер»); «Үздік шетелдік фильм» - «Зона интересов» (The Zone of Interest); «Үздік бейімделген сценарий» - «Америкалық фантастика»; (American Fiction); «Үздік түпнұсқа сценарий» - «Құлау анатомиясы» (Anatomie d'une chute); «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»); «Үздік анимациялық фильм» - «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка).
Comments