Семейлік өрт сөндірушілер тұрғынды құтқарып қалды

2580
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-03-at-21.39.23.jpeg
Семей қаласының өрт сөндірушісі тұрғынды жанып жатқан пәтерден құтқарып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ТЖМ-ға сілтеп. Безымянная көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Семей қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шыққан. Қазір тұрғын ақ халаттылардың бақылауында. Өрт сағат 18.36-да толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар туралы ақпарат тіркелмеген.
Comments