Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың зорлау ісі бойынша соты басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
28 ақпанда Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды. Процесс жабық есік жағдайында өтеді. Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қарашада Күштібаев полиция бөлімшесіне келген қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Кейін полиция басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз