Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша өңірлік көшбасшы атанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ookla мәліметінше 2023 жылғы SpeedTest Global Index дәстүрлі рейтингінде Қазақстан 146 мемлекет арасында 72-ші орынды иеленді. Компания сарапшыларының мәліметтері бойынша, республикада мобильді жүктеу жылдамдығы 2022 жылдың аяғынан бастап 2023 жылдың желтоқсанында 21,29 Мбит/с-тан 35,07 Мбит/с-қа дейін 61% - ға жақсарды.
Сондай-ақ Ookla-ның ресми өкілдері Қазақстан цифрлық трансформация стратегиясы аясында 5G технологиясын қолдануға ұмтылатынын да атап өтті.
"Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан Өзбекстан сияқты көрші елдермен салыстырғанда 95-орында, Қырғызстан 100-орында және Тәжікстан 141-орында. Бұл ретте Қазақстан ТМД өңірінде интернетті пайдаланудың ең жоғары деңгейіне ие. Қазақстан халқының 95,7% - ы интернетті пайдаланады", - делінген Ookla есебінде.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
