Қарағандыда тұрғын үйдің дәлізіне жас нәрестені тастап кеткен

2789
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/c22b3eea-362a-48fb-ac9d-9d483bbc0ffa.jpeg

Жедел басқару орталығына ер адам хабарласып, Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің кіре берісінде жас нәрестенің жатқаны туралы айтқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz сілтеме жасап.

Полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, жаңа туған нәрестені үсік шалудан аман алып қалған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын және баланың анасын анықтауда. Бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Ал баланың өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.

“Адырна” ұлттық порталы

Comments