Астана базарынан өрт шықты

2068
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_9471.jpeg
Астанада базар өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталв Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Астанада сағат 3.42-де «Шарын» базарының аумағындағы жеке ангарда жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді. Елордалық өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кірісті. Алдын ала ауданы 30 ш.м. Таңғы сағат 5.5-те өрт толығымен сөндірілді», - делінген сәрсенбі күні тараған хабарламада. Өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметінің 10 адамы мен екі техника жұмылдырылды. «Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.
Comments