Алматыда монша кешені өртенді

2848
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-14-at-22.04.55.jpeg
Алматыда монша кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Өрт 14 ақпан күнң сағат 18:00-де болған. Төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданы Оспанов көшесінде орналасқан монша кешеніндегі өрт туралы хабарламаны алған бойда көмекке асыққан. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 600-700 шаршы метрді құраған. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің  18:47-де оқшауланғанын хабарлады.
Comments