Күнсұлу Закария әлемнің көрнекті ғалымдары қатарына енді

1870
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/a203d2bc-85a9-48d2-8a64-26b7babb477f.jpeg

Қазақтың көрнекті биологы Күнсұлу Закарья вакцинацияның дамуына ең көп үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Techcollectivesea басылымы жазды. Күнсұлу Закария – QazVac коронавирусқа қарсы вакцина жасаушылардың бірі. Бұған дейін ол Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар, Закария биоқауіпсіздік, биотехнология және микробиология саласындағы танымал сарапшы ретінде танымал. Айта кетейік, Күнсұлу Закария Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен президенттің кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Comments