Аманат партиясы Қазақстанның жаңа премьер-министріне кандидатураны ұсынбақ

2594
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_8709.png
«Аманат» партиясы Қазақстанның жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарына сілтеп. «Конституциямызға сәйкес президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі «Аманат» саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды», - деді Берік Уәли. Тоқаев мақұлдаса, ол кандидатураны Мәжілістің қарауына жібереді. Мәжіліс келіссе, жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады. Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Comments