Ұшақ апатынан қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

3174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-21-at-16.07.21-960x500.jpeg?token=e9cca9591de0c87687ecf8ac650f7744
Ауғанстанда ұшақ апатынан қайтыс болғандардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Shot Telegram арнасына сілтеп. Бірнеше сағат бұрын Үндістаннан Ресейге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшыраған еді. Кейіннен белгілі болғандай ұшақта жеке рейс орындау кезінде жанармай мен қозғалтқышта ақаулар болған. Ал Shot Telegram арнасы Ауғанстанда апатқа ұшыраған Falcon 10 ұшағындағы экипаж мүшелері мен жолаушылар бойынша ақпараттарды жариялады. Ресейлік ерлі-зайыпты Ауғанстанда ұшақ апатынан қаза болды. Жолаушылар қатарында 64 жастағы Анна Евсюкова мен жолдасы Анатолий Евсюков болған. Ал қайтыс болған экипаж мүшелері Дмитрий Беляков, Аркадий Грачёв, Игорь Сывороткин, Павел Попов. Еске сала кетейік, ұшақ санитарлық рейсты орындаған сәтінде апатқа ұшырады.
Comments