Жамбыл облысында "ҚазАвтоЖол" облыстық бөлімшесі директорының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"ҚазАвтожол"-дың Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Дәурен Төлтаев пара алып жатқан сәтінде қолға түсті. Қызметкер қызылордалық мердігер компаниядан ақша талап еткен.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазір жемқорлық ісіне компанияның жоғары басшыларының қатысы бар-жоғы анықталуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" -дың "қысқы жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны" туралы ақпарат тараған болатын. Қазір бұл дерек жоққа шығарылды.
Related news
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR