4 қаңтар күні Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамдары белгіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Kurs.kz хабарлауынша, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сағат 08:30-дағы долларды сатудың орташа бағамы 460,81 теңге, сатып алу бағамы 458,14 теңге. Еуроны сату – 502,53 теңге, сатып алу – 498,44 теңге болды. Ресей рублін 4,81-4,97 теңгеге сатып алуға болады. Елордадағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатылу бағамы 460,45 теңге, сатып алу бағамы 456,13 теңге болды. Еуро 503,16 теңгеден сатылып, 497,89 теңгеден сатып алынды. Рубль 5,05 теңгеден сатылып, 4,89 теңгеден сатып алынды. 4 қаңтардағы ресми валюта бағамы: АҚШ доллары – 457,06 теңге; рубль - 5,00 теңге; еуро – 499,84 теңге; юань – 63,97 теңге."Адырна" ұлттық порталы
Related news
On the occasion of the 130th anniversary of Magzhan Zhumabayev, a republican concert entitled "I will not die, mine will not die..." will be held.