Орталық сайлау комиссиясы журналист Екатерина Дунцованың бастамашыл тобының құжаттарында 100-ден астам қате табылғанын алға тартады. Дунцова Ресей Федерациясының Жоғарғы сотына шағымданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW сайтына сілтеме жасап.
Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы ржевтік журналист Екатерина Дунцоваға өзін-өзі Ресей Федерациясының президенттігіне ұсынуды қолдап, қол жинауға рұқсат бермеді. Бұл туралы сенбі, 23 желтоқсанда Дунцованың сенімді адамы басқаратын Ateo Breaking Telegram арнасы хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, Дунцованың құжаттарында жүзден астам қате табылған, сондықтан оның бастамашыл тобын тіркеу мүмкін емес. Қателердің бір мысалы ретінде, құжаттардың бірінде «Валерьевна» деген әкесінің атының орнына «Валериевна» деп жазылғаны көрсетілген. Сонымен қатар, ОСК мәлімдегендей, құжаттарды куәландырған нотариус қателіктер жіберген, атап айтқанда, бастамашыл топ отырысын ұйымдастырушының төлқұжат нөмірін қате көрсеткен. «Екатерина Сергеевна, сіз жас әйелсіз, сізде әлі бәрі алда. Кез келген минусты әрқашан плюске айналдыруға болады, кез келген тәжірибе - бәрібір тәжірибе», - деді комиссия отырысында Дунцоваға сөйлеген ОСК төрағасы Элла Памфилова. Ал Екатерина Дунцова Орталық сайлау комиссиясының шешімінің үстінен Ресей Федерациясының Жоғарғы сотына шағым түсіретінін хабарлады. «Бұл шешім заңға негізделмеген, бас тартудың барлық негіздері Ресейдегі президенттік сайлау туралы заңда бекітілмеген және аталған кемшіліктердің ешқайсысы ондай емес», - деді журналист. Сонымен бірге ол «Яблоко» партиясына «съезд өткізу мүмкіндігін қарастыру» және оны осы партиядан президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы өтінішпенRelated news
«Адырна» ұлттық порталы