Астанадағы «Хан шатыр» сауда орталығында өрт шықты

3742
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/dfdf9d3e-4213-4e67-b5d6-e1826af77d21.jpeg

Астанадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар бүгін сағат 14:00-де түскен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Өрт сөндірушілер келген кезде 5 минут ішінде артқы подъезден қою қара түтін шығып жатқаны, 10 киловаттық жеке трансформаторлық қосалқы станция мен бірінші қабаттағы кабель оқпанының жанып жатқаны анықталды, өрттің таралу қаупі мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments