Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатылмайды

2436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/b5cbedbb-c18b-40ea-bcf3-3b127364a060.jpeg

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қайрат Сатыбалдының «шартты түрде мерзімінен бұрын босату» туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Судья Қайрат Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартты. «Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз», - делінген сот хабарламасында. Айыпталушы Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдаланды, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген еді. Сот үкімі бойынша, Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments