Шымкентте көп қабатты үйден өрт шықты

2220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/3277cae8-3ddd-47d7-b20d-5042c24e3e49.jpeg

Шымкентте көп қабатты үйден өрт шығып, 50-ден астам адам өз бетінше эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің Тұран ауданында болғанын растады.

Оқиға 14:10-де болған. 

"Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр аумақта

ас үй өртенді. Өрт 14:48-де сөндірілді. Екі адам баспалдақ арқылы құтқарылды, 50 адам баспалдақпен өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 

Comments