Қызықтың бәрі онлайн сабақта екен)

2864
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/oқushylar2020_04_01_zanyatie-960x500.jpg?token=5311705bd75f945dc1b8191de78eddb0
Бірінші сыныптағы 25 баланың оншақтысы қатысады. Біреуі есінеп ұйқысын ашпаған, біреуі тамақ жеп отырады. Тағы бір-екеуінің қасында мамасы мұғаліммен жарысып, сабақ түсіндіріп жатады.) Даусын өшіріп қою дегенді білмейді.) Апайы айқайлап жатыр, жамыраған балалар бір-бірін тыңдамайды. Тапсырманы орындамадым деп жылап жатқандары бар.)) Бір уақытта біздің қыз сабақ оқып отырған бөлмеден атып шығып, сальто жасай кетеді. "Әй, не болды?" десең, "Қоңырау" дейді.)) "Ой, Алла" дейсің.))
   
Comments
Other materials