Солтүстік Қазақстан облысында әкімшілік полицейлер қыс басталғалы автожолдар мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді. Нәтижесінде жұмысына немқұрайлы қараған 14 лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция міндеттерінің бірі – автомобиль жолдарындағы қауіпсіз қозғалыс үшін жағдай жасау. Қыс басталысымен жол қызметтерінің жұмысы көбейді. Алайда олардың арасында өз ісіне жүрдім-бардым қарайтындар да бар. Олардың қызметін бақылау және қадағалау әкімшілік полиция басқармасының құзыретінде.
Related news