Қырғыз әйелдерінің дәстүрлі бас киімі ЮНЕСКО тізіміне енді

2412
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/photo-output-5.jpeg
Қырғыз әйелдерінің дәстүрлі бас киімі элечек ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Шешім ұйымның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау үкіметаралық комитетінің 18-ші сессиясында бірауыздан қабылданды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел халқы үшін элечектің маңызды мұра екенін атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінде әлемнің 705 мәдени мұрасы бар.
Comments