Жетісуда көлік жүргізушісі жылқыны қағып, апат салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жетісуда 45 жастағы Audi A8 жүргізушісі жолға шығып бара жатқан жылқыны қағып кетті.
Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 3 желтоқсан күні таңертең Сарқан қаласынан шыққан кезде болған. Audi көлігінде болған жолаушы жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Полицейлер жануардың иесін анықтауға кіріскен.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister