Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

3323
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/gandbol.jpg
Гандбол спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Дүниежүзілік додада Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилия, Испания, Украина елдерінің спортшыларымен бәсекеге түседі. 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтеді. Отандық гандболшылар G тобында өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшылар алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізбек. Ал 1 желтоқсанда Бразилиямен, 3 желтоқсанда Украинамен ойнайтын болады. Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.
Comments