«Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі, әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Kznews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Әншінің неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, арағы жылдар салып музыкант 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің солисі болды. Ақжол Мейірбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері. Әншінің отбасында жары Шарипа ханым, балалары – Луиза, Сұлтан және Тимур және 8 немере мен 1 шөбересі бар.«Адырна» ұлттық порталы