Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Басқарма полицейлердің контрабанданы ұйымдастырушы деген болжамды нигериялық азаматқа қатысты істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Оның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылдай уақыт өткен. Алайда күдікті әлі Қазақстанға экстрадицияланбаған. Қазіргі уақытта нигериялық тарап осы мәселе бойынша өтінішті қарап жатыр.
«Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортун Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеліп жатыр, сол себепті іс өте ауқымды»,—делінген хабарламада.Бас прокуратура дипломатиялық арналар арқылы күдіктіні экстрадициялау туралы өтініш Нигерияның құзырлы органдарына жіберілгенін мәлімдеді. Еске салайық, былтыр маусымда Қазақстандағы есірткі контрабандасымен айналысты деп күдікке ілінген Адиндо Нонсо Фортун Нигерияда ұсталған болатын.
Related news
An open day was held in Astana on the occasion of the opening of the "Atameken Kazakhstan Map" ethno-memorial complex and Children's Day